Павлодарда бір дүкеннен тауық пен салат алған 6 адам уланып қалды

тауық, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2023 01:01 Сурет: pixabay
Павлодарда дүкеннен тауық-гриль мен салат алған 6 адам уланып қалды. Дүкенге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады. 

"Маусымның басында алты ересек адам бір дүкеннен тауық-гриль, картоп, тұздық, салат, торттар сатып алып, уланып қалған. Тексеріс барысында сауда объектінде бірқатар бұзушылықтар анықталды: тауарды таңбаладағы сәйкессіздік, бактерицидтік шамның болмауы, сауда жабдықтарын уақтылы тазаламау және тағы басқалар", - деп хабарлады департамент.

Аталған сауда объектіге тиісті хаттама толтырылып, материалдар сотқа берілді. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр.

Жалпы аймақта жыл басынан бері жіті ішек инфекцияларының 176 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20 жағдайға өсіп отыр. Сальмонеллездің 66 жағдайы тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: