Павлодарда студенттің атынан 1 млн теңгеге несие алған тұрған ұсталды

Павлодарда жоғары оқу орындарының студентінің атынан несие алған 22 жастағы облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір айында студентке бір танысы келіп, оның атына тауарлық несие алуды сұраған.
"Ол студенттің ұялы телефонын пайдаланып, 1 млн теңгеден астам сомаға тауарлық несие алған. Кейін банктерге төлем жасамай, мүлдем байланысқа шықпай қойған. Оның алданғанын түсінген студент полицияға арыз жазды". Павлодар полиция басқармасының бастығы Ермек Әлжанов
Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – келу туралы міндеттеме алынды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз