Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда ересек адам мен екі бала иіс газына уланып қалды

Павлодар облысы, газ, улану, өрт, оқыс оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 13:28 Сурет: Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Павлодарда 2022 жылғы 28 желтоқсанда тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шығып, салдарынан ересек адам мен екі бала иіс газына уланып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ломов көшесі 152/2-үйде өрт шыққаны туралы хабарлама "101" пультіне сағат 10:20-да түскен – бірінші қабаттағы қоқыс жинағыштан (қойма бөлмесіне айналдырылған) өрт шыққан.

Салдарынан 9-қабаттағы №54 пәтердің тұрғындары, яғни  2000 жылғы азамат пен 2022, 2019 жылы туған балалар иіс газына уланып, ауруханаға жеткізілді.Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі


Павлодар облысы, өрт, иіс газы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 13:28

Сурет: Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

"Өрт 11:13-те сөндірілді. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт 5 шаршы метр аумақты шарпыды". Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 21 өрт сөндірушісі мен алты техникасы, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының және 103 қызметінің медицина қызметкерлері жұмылдырылды.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: