Павлодарда автокөлік отқа оранды

Павлодарда автокөлік отқа оранды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.11.2024 17:20 Сурет: Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті
Павлодарда автокөлік отқа оранды. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеті арқасында жарылысқа жол берілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14:40-та Ворушин көшесінде автокөліктің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

"Шақыру орнына келген өрт сөндірушілер Volkswagen Passat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігінің жануын анықтады", - деді департамент.

Өрт сөндірушілер екі шаршы метр алаңдағы өртті дереу сөндіруге кіріскен. Зардап шеккендер жоқ.

Өртті жоюға сегіз өрт сөндіруші мен екі техника жұмылдырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: