Ақтаудағы аялдамада ер адамның мәйіті табылды

Ақтаудағы аялдамада ер адамның мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2025 13:20 Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 7 желтоқсан күні таңертең 9-шағын ауданнан ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ер адамды кездейсоқ өтіп бара жатқан тұрғын көріп қалған. Ол мәйіттің жанында жатқан ұялы телефоннан бірінші нөмірге – ер адамның немересіне хабар берген.

Lada.kz мәліметінше, туыстары оқиға орнына жетіп, жедел жәрдем бригадасын шақырған.

"Медициналық қызметкерлер жедел реанимациялық шараларды жүргізді, алайда оны құтқару мүмкін болмады – биологиялық өлім расталды. Оқиға орнына полицейлер келіп, жағдайды анықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Туыстары журналистерге ер адамның таңертең дәріханаға шыққанын айтқан. Ол жылдар бойы жоғары қан қысымы мен жүрегіндегі аурдан зардап шеккен. Туыстарының ойынша, оның өліміне дәл осылар себеп болуы мүмкін. Ер адам бір ай бұрын 64 жасқа толған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: