Ақмолалықтар қызмет бабында қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды

Ақмолалықтар қызмет бабында қаза тапқан полицейді соңғы сапарға шығарып салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2025 19:56 Сурет: polisia.kz
Ақмола облысының полицейлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Асанәлі Әскербековті соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан көңіл айту жеделхаты оқылды.

Жеделхатта Асанәлі Әскербековтің есімі өз халқына адал қызмет еткен тұлғаның жарқын үлгісі ретінде мәңгі жадымызда сақталатыны атап өтілді.

Марқұм Асанәлі көп жыл бойы ішкі істер органдарында қызмет етті.

"Оның кәсібилігі, жауапкершілігі жас қызметкерлерге үлгі болды. Ол әрқашан жұмыста да, күнделікті өмірде де нағыз тұлға болды". Ішкі істер министрлігі

Облыстық полиция департаменті басшылығы офицердің қазасы отбасы үшін де, Қазақстан полициясы үшін де орны толмас ауыр қайғы екенін айтты.

Әріптестері Асанәлі Әскербековті сенімді жолдас, адал офицер және елін шын жүректен сүйген нағыз патриот ретінде еске алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: