Жамбыл облысында қызмет бабында қаза тапқан полицейді ақтық сапарға шығарып салды

Жамбыл облысында қызмет бабында қаза болған полицейді ақтық сапарға шығарып салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 17:20 Сурет: polisia.kz
Жамбылдықтар Қордай ауданында республикалық маңызы бар тасжолда қызметтік міндетін атқару кезінде жол апаты салдарынан қаза болған полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпірді соңғы сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаназаға марқұмның отбасы, ағайын-туыстарымен қатар Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, бірге қызметте болған әріптестері мен достары қатысты.

Сурет: polisia.kz

Абай Үшкемпір қайтыс болғаннан кейін ҚР ІІМ-нің "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Қоштасу жиынында медаль марқұмның ата-анасына табысталды.

Сондай-ақ ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмның отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді.

Сурет: polisia.kz

Полиция қызметкерінің жаназасы өз туған жері — Айша бибі ауылында өткізілді.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы полиция департаменті қызметкері Абай Үшкемпір қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқанын хабарлаған едік.

Полиция аға лейтенанты Абай Үшкемпір ішкі істер органдарында 2017 жылдың 14 желтоқсанынан бері қызмет атқарған, ал қазіргі қызметіне 2025 жылғы 6 ақпанда тағайындалған. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: