Жұмыс көрсеткіші ең төмен үш әкім жазалануы мүмкін

Әкім, ШҚО, жұмыс көрсеткіші, жаза, Нұрымбет Сақтағанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.12.2025 17:35 Сурет: pixabay
Шығыс Қазақстан облысында (ШҚО) жұмыс көрсеткіштері ең төмен әкімдерге қатысты 2025 жылдың соңына қарай шаралар қабылданатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 2025 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қалалар мен аудандардың әкімдерімен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін орындау мәселелері бойынша кеңес өткізгені белгілі.

Мәселен, жұмыстың ең төмен қарқыны Глубокое ауданында, Алтай ауданында және Риддер қаласында тіркелді. Сонымен қатар, бірқатар көрсеткіштер Өскеменде, сондай-ақ Самара және Ұлан аудандарында алаңдаушылық туғызады.

Аталған қалалар мен аудандардың әкімдері өңір басшысына жыл соңына дейін жағдайды түзету үшін қандай шаралар қабылдауға ниетті екендігі туралы баяндады.

Нұрымбет Сақтағанов өз сөзінде барлық басшыға қатаң ескертулер жасады:

"Жыл соңына қарай жұмыс көрсеткіштері ең төмен үш әкімге қатысты тиісті шаралар қабылданатын болады. Біз облысқа құйылатын инвестициялар көлемін ұлғайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған көптеген жобаны іске асыруға тиіспіз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты күшейтіңіздер!".

8 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының (БҚО) әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ-да өткен брифингі барысында өзінің резиденцияда тұратыны туралы сөзді жоққа шығарып, пікір білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: