Ақтауды мұнайдың өткір иісі басты: тұрғындар дабыл қағуда
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Lada.kz басылымы 2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 23:00 шамасында қаланы жағымсыз иіс басқанын жазған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ауада мұнай өнімдерінің иісі сезілген.
Осыған орай, 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті мен Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бірлесіп қала аумағынан және қала маңындағы елді-мекендерден атмосфералық ауаға мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг нүктелері "Рекон-Ақтау" ЖШС; "Oil Transshipment" ЖШС; "КазАзот" АҚ; Ақтау промзона-6/114; "КАЗпол" ЖШС аймақтары.
Ведомство алынған сынама нәтижелері бойынша атмосфералық ауада шекті рауалды концентрациядан (ШРК) артулар байқалмағанын атап өтті. Мониторинг жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін Қонаев қаласында қатты жел салдарынан төтенше жағдай жарияланатынын жазғанбыз.