Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" бизнес форумына қатысты

Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" бизнес форумына қатысты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2025 11:15 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар іс-шараға Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичи, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев қатысты.

Жиын аясында "Жасыл даму және орнықтылық", "Цифрлық трансформация мен өзара байланыс", "Қаржы, адам ресурстары және бизнеске арналған әлеуметтік жүйені дамыту" секілді тақырыптық сессиялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ Орталық Азия мен Жапонияның іскерлік орта өкілдері кездесулер өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары және "Орталық Азия – Жапония" бизнес форумының қорытындысы бойынша қазақстандық тарап пен жапон бизнес құрылымдары арасында жалпы құны 3,72 миллиард доллар болатын 60-тан астам құжатқа қол қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: