Бес сағат іздеді: Ұлытау облысында жоғалған азаматтар табылды

Ұлытау облысында жоғалған азаматтар табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2026 11:03 Сурет: видео скрині
Қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні Ұлытау облысында Бостұмсық ауылының маңында жылқы іздеуге шыққан, бірақ уақытында оралмаған 1997, 1972 және 1968 жылы туған үш ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздестіруге ТЖМ, ЖАО және ПД күштері мен құралдары дереу жұмылдырылды.

Қиын өтімділік жағдайында құтқарушылар қар басып қалған жолдарды тазалап, іздестіру топтарының қозғалысын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылды.

Іздестірудің 5 сағатынан кейін жоғалғандар Қаракеңгір ауылынан шамамен 30 шақырым жерден табылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: