Қазақстанда 16 қаңтарда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Сурет: pexels
Қонаевта кей уақыттарда жаяу бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 16 қаңтарда көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Түркістан қ.: 16 қаңтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шымкентте жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 16 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Жезқазған қ.: 16 қаңтарда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 35-38 градус қатты аяз күтіледі. Қарағанды қ.: 16 қаңтарда түнде және таңертең жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Ақтөбе қ.: 16 қаңтарда шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 16 қаңтарда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз күтіледі. Өскемен қ.: 16 қаңтарда тұман күтіледі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.
Қостанай облысында оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.