Президент: Цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқпыз

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 14:11 Фото: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында ғылым және жоғары технология саласына бөлінетін инвестиция жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның сөзінше, мемлекет білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салатын болды. Себебі адам капиталының сапасын арттыру – айрықша маңызды міндет.

"Бұл, әсіресе, ел дамуының қазіргідей тарихи, бетбұрысты кезеңінде халқымыздың болашағына тікелей әсерін тигізеді. Ең бастысы – бұл жоспарлар жұртты құр уәдемен жарылқайтын тұсаукесер рәсімдері мен форумдардың көлеңкесінде қалып қоймауы керек. Біз пиар-акциялар мен көз алдайтын жалған ілгерілеуге емес, нақты жетістікке ұмтылуымыз қажет". Мемлекет басшысы

Ол цифрландыру және жасанды интеллект жылын сән қуып, ұрандату үшін жариялаған жоқ екенін баса айтты.

"Бұл шешім бүкіл мемлекеттік аппаратқа нақты міндет жүктеп отыр. Бұл – стратегиялық міндет. Сондықтан мемлекет үшін айрықша маңызды осы міндетті орындауға қатысты талап та өте жоғары болмақ. Бұл бағыттағы жұмыстың нәтижесі нақты әрі көзге көрінетін көрсеткіштермен өлшенуге тиіс. Атап айтқанда, шешім қабылдау мерзімін қысқартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және қызмет сапасын жақсартуға оң ықпал етуі керек".Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Президент Шымкенттегі студент қыздың өліміне байланысты тапсырма бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: