Жамбыл облысында қойшы үш күн далада адасып жүрген

Жамбыл облысында қойшы үш күн далада адасып жүрген, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2026 19:01 Сурет: видео скрині
Жамбыл облысында мал жайуға шыққан қойшы үш күн бойы далада адасып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 20 қаңтарда "112" пультіне хабарлама келіп түскен. Онда 17 қаңтар таңертең мал жайуға атпен шыққан ер адамның оралмағаны айтылған.

Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін төтенге жағдайлар департамениі, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың күші жұмылдырылған.

"Іздеу жұмыстары қиын жүретін дала аумағында дрондар мен кинологиялық қызметті пайдалану арқылы жүргізілді. Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде ер адам шаруашылықтан 15 шақырым қашықтықта табылды. Барлық үш күн бойы ол малымен бірге далада болған. Денсаулығы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болған жоқ", - делінген ведомство хабарламасында.

Төтенше жағдайлар департаменті қазақстандықтарға мал жаюға немесе ұзақ сапарға шықпас бұрын жақындарын маршрут туралы алдын ала хабардар ету, ауа райы мен жер бедерін ескеру қажеттігін еске салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: