Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшы тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2026 19:35 Сурет: gov.kz
ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Эрнар Ержанов "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ ұжымына жаңа басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбекті таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның кәсіби медициналық білімі, сондай-ақ қоғамдық денсаулық сақтау магистрі (MPH) дәрежесімен денсаулық сақтау саласында басқарушылық тәжірибесі бар.

Гүлмира Сабденбек әр жылдары басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қоса "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды. Кейінгі қызметте ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқанын атап өткен жөн.

Бұдан бөлек ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды.

Сурет: gov.kz

Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген. Айталық, салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Сол секілді Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: