ҚМГ-Аэро Алматы әуежайына қандай жаңа халықаралық әуе компанияларды тартып жатыр

ҚМГ-Аэро Алматы әуежайына қандай жаңа халықаралық әуе компанияларды тартып жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2026 21:47 Сурет: Zakon.kz
"ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС бірқатар шетелдік авиакомпаниямен Алматы халықаралық әуежайында ұшақтарды авиаотынмен қамтамасыз ету бойынша келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметінің мәліметінше, ынтымақтастықты кеңейтуге авиаотын бағасының төмендеуі, еліміздің басты авиациялық хабындағы қызмет көрсету жағдайларының бәсекеге қабілетінің артуы мүмкіндік берді.

"Жаңа келісімдер халықаралық әуе тасымалдаушыларының Алматы әуежайына деген қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар әуежайдың Азия, ТМД мен Еуропа елдері арасындағы жолаушылар және жүк тасымалдаушы әуе компаниялары үшін өңірлік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтып жатыр", - делінген хабарламада.

ҚМГ-Аэроның жаңа серіктестері қатарында SpaceBee Airlines, AZAL Azerbaijan Airlines, My Freighter Airlines және Easy Charter бар.

  • SpaceBee Airlines — Өзбекстанның жүк тасымалдауға маманданған жаңа халықаралық әуе компаниясы.
  • AZAL Azerbaijan Airlines — Әзербайжанның ұлттық әуе тасымалдаушысы.
  • My Freighter Airlines — Ташкент қаласында орналасқан өзбек жүк әуе компаниясы. Ол Еуропа, Азия және Таяу Шығыс бойынша халықаралық жүк тасымалдау нарығында жұмыс істейді.
  • Easy Charter — Тбилиси қаласында (Грузия) орналасқан чартерлік жүк әуе компаниясы. Ұйым халықаралық чартерлік әуе тасымалымен айналысады және Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен ТМД елдеріндегі клиенттерге жүк рейстерін ұйымдастыру қызметін көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: