Қытай Қазақстанмен шекараны үш күнге жабады

Қытай Қазақстанмен шекараны үш күнге жабады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 17:30 Сурет: gov.kg
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттерінің жұмысына қатысты үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

Ресми мәлімдемеге сәйкес:

"Қытайда мемлекеттік мерекенің атап өтілуіне байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпан аралығында Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері адамдардың, көліктің және жүктің өтуі үшін уақытша жабылады".

Ал теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Сондай-ақ тасымалдаушылар мен шекарадан өтуді жоспарлаған барлық азаматтарға енгізілген шектеулерді ескере отырып, маршруттарын алдын ала жоспарлау ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: