Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 22:40 Сурет: instagram.com/volonterypetropavl
Петропавлда 20 шақты күн бұрын жоғалған Ролан Зуевтің денесі бүгін, 2026 жылғы 3 ақпанда қала маңындағы орманнан табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 жастағы жігіттің неден мерт болғаны анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ролан Зуевтің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы қаңтар айының ортасында оның әпкесі полицияға хабаралған. Үйден шығып кетіп, байланысқа шықпаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: