Оралда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі анықталды

Оралда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2026 12:17 Сурет: polisia.kz
Орал қаласы полиция басқармасының Абай аудандық полиция бөлімінің құқық қорғау қызметкерлері заңсыз кәсіпкерлік қызмет көрсету фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру нәтижесінде қала аумағындағы дәмханалардың бірінде алкоголь өнімдері тиісті рұқсат құжаттарынсыз сатылып келгені белгілі болды.

Заңсыз айналымнан 77 арақ-шарап өнімі, 73 сыра өнімі тәркіленді.

Аталған дерекке байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Іс материалдары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сот қарауына жолданатын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: