СҚО-да бес жолаушысы бар көлік жол жиегіндегі орға түсіп кетті

СҚО-да бес жолаушысы бар көлік жол жиегіндегі орға түсіп кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 21:52 Сурет: видео скрині
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Құмтөккен ауылы маңында бес ересек адам отырған жеңіл автокөлік жол жиегіне шығып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметтік іссапармен өтіп бара жатқан жедел-құтқару жасағы көлікті байқап, тоқтап, дереу көмек көрсеткен.

"Автокөлік сүйретіліп, жолға шығарылды. Жүргізуші мен жолаушылар құтқарушыларға қолдау көрсетіп, дер кезінде көмектескендері үшін шынайы алғыстарын білдірді", – делінген хабарламада.

Жүргізуші де құтқарушыларға ризашылығын жеткізді.

"Көлікті жол жиегінен шығарып беруге көмектескені үшін ТЖМ қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді", – деді ер адам.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: