Шымкентте салымшылар 600 млн теңгеге алданған: 10 адам сотталды

Мошенничество, мошенники, мошенник, мошеннические схемы, вид мошенничества, финансовая пирамида, пирамида, финансовые аферы, финансовая афера, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 13:38 Фото: freepik
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 10 сотталушыға (бір сотталушы қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған) қатысты қылмыстық іс қаралды.

Шымкент сотының баспасөз қызметінің ақпарына сүйенсек, сотталушылар қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, оған басшылық ету, қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыру (жылыстату), куәні жалған айғақтар беру мақсатында параға сатып алу және пирамиданың жұмысына көмектесу бойынша айыптағылған.

"Сотталушы Қ. 2024-2025 жылдар аралығында аса ірі мөлшерде қаржыны тарта отырып қаржылық пирадимиданы құру және оған басшылық ету мақсатында, өзінің жобасын әлеуметтік желілерде жарнамалап, алған ақшаны жоғары пайызбен қайтаратынын айтып, аударым жасату және қолма-қол алу жолымен аса ірі мөлшерде 600 млн. теңгеден аса ақша қаражаттарын тартқан",- делінген ақпаратта.

Оған қоса қылмыстық жауапкершіліктен жалтару және тергеуді бүркемелу мақсатында куә А.-ның жалған айғақ беруі үшін оның есеп шотына үшінші тұлғалардың атынан ақша аударған.

Қалған тоғыз сотталушы қаржы пирамидасының қызметі нәтижелі жүзеге асыру мақсатында салымшыларға банктік реквизиттерді ұсынып және банктік чектерді қабылдап, пирамиданың жұмыс жасауына өз үлесін қоса отырып, пирамида ұйымдастырушысына белсенді жәрдемдескен.

Сотталушылар кінәсін ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Сот басты айыпталушыны кінәлі деп танып, оған мүлкін тәркілеп, түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Дегенмен, жазасын өтеуін 1 жыл мерзімге кейінге қалдырды.

Тоғыз сотталушыға 3 жылдан 7 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

"Алты сотталғанға ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде, жазасын өтеуін 3 жыл мерзімге кейінге қалдырды. Сонымен қатар, қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған сотталушыға ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп белгіленіп, оған 1 жыл пробация бақылау тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Талап қоюлар ішінара қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енбеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: