ҚР Ұлттық орталық музейінде "Алтын Орда" жаңа көрме залы ашылады

ҚР Ұлттық орталық музейінде "Алтын Орда" жаңа көрме залы ашылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 17:04 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Аида Балаева Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейіндегі "Алтын Орда" жаңа көрме залымен танысты. Экспозиция қазақ мемлекеттілігінің бастауы болған тарихи маңызды кезеңдердің біріне арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және ақпарат министрігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, экскурсия барысында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі музей экспозицияларын ұйымдастырудағы терең әрі ғылымға негізделген тәсілдерді атап өтіп, Алтын Орда мұрасын келер ұрпаққа кеңінен насихаттаудың мән-маңызына тоқталды.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

"Жаңа зал ашудағы басты мақсат – көпшілікті XIII–XIV ғасырлардағы Алтын Орданың тарихымен, мәдениетімен таныстыру, оның қазақ мемлекеттілігінің бастауы ретіндегі рөлін көрсету және қоғамның тарихи санасын қалыптастыру", - делінген хабарламада.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Көрмеде музей қорынан алынған 200-ге жуық жәдігер ұсынылған. Қалалық мәдениет бөліміне тұрмыстық бұйымдар, зергерлік әшекейлер, Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған Шағатай әулеті ақсүйектерінің салтанатты киіміндегі жібек маталардың қиындысы қойылған. Әскери өнер бөлімінде қару-жарақ элементтері көрсетілген. Мемлекеттік құрылымға арналған бөлімде Алтын Орданың басқару жүйесі, билеушілер генеалогиясы және Қазақ хандығымен тарихи байланысы баяндалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: