Алматыдағы Құрманғазы көшесінде гастрономиялық дәліз пайда болады

Алматыдағы Құрманғазы көшесінде гастрономиялық дәліз пайда болады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 20:54 Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қоғамдық кеңістіктерді көркейту бағытында жұмыс сапарын өткізіп, бірқатар қалалық аумақты кешенді түрде жаңғырту мүмкіндіктерін зерделеуді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бастамалардың қатарында Құрманғазы көшесінің Абылай хан даңғылынан Достық даңғылына дейінгі бөлігінде гастрономиялық көше қалыптастыру бар.

Бұл – жүргіншілер ағыны жоғары әрі қоғамдық тамақтану орындарының желісі дамыған қаланың орталық бөлігінің бірі.

Жоба аясында тұрғын үйлер қасбетіне бірыңғай дизайн-код енгізу, іргелес аумақты көркейту, жазғы террасалар ұйымдастыру және сыртқы жарнаманы ретке келтіру жоспарланып отыр.

Нәтижесінде тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы қалалық променад және жаңа тартымды қоғамдық кеңістік құру көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: