Тоқаевқа Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр

Тоқаевқа Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2026 15:01 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина Президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады.

Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: