Биткоин, жалған мәміле және бопсалау: Шымкентте 2,5 млн долларлық алаяқтыққа күдікті ұсталды

Биткоин, жалған мәміле және бопсалау: Шымкентте 2,5 млн долларлық алаяқтыққа күдікті ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2026 11:04 Сурет: Zakon.kz
ІІМ Шымкент қаласында аса ірі көлемдегі алаяқтық және бопсалау деректеріне қатысты заңсыз әрекеттердің жолын кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті алаяқтық жолмен құны шамамен 2,5 млн АҚШ долларын құрайтын бизнесті иемденген. Ол есеп айырысу криптовалютамен (биткоинмен) жүргізіледі деген сылтаумен компания мен оның мүлкін өз атына рәсімдеуді ұйымдастырған.

Заңды рәсімдер аяқталғаннан кейін бұрынғы иесіне криптоәмиянға қол жеткізу үшін жалған мәліметтер берілген, яғни іс жүзінде төлем жасалмаған.

Кейін жағдайды пайдаланып, күдікті экс-иесіне компанияда оған қатысты әшкерелейтін материалдар бар екенін айтып, оларды таратпау үшін 250 мың АҚШ долларын талап еткен.

Жедел іс-шаралар барысында күдікті талап етілген соманың бір бөлігін 150 мың АҚШ долларын алу кезінде ұсталды.

Алаяқтық және бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: