Петропавлда зауыт жұмысшысы буға күйіп, ауыр жарақат алды
Фото: pixabay
16 сәуірде Петропавлдағы ірі кәсіпорындардың бірінде жас қызметкер зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Qazaqstan Media басылымының мәліметінше, оқиға "Маслодел" ЖШС-де болған.
25 жастағы автоматтандырылған басқару жүйелерінің операторы өндірістік ауыр жарақат алған. Оны бу күйдіріп жіберген.
Оқиға орнына келген дәрігерлер екінші дәрежелі термиялық күйік диагнозын қойған. Иық, қол және беттің бір бөлігі зақымданған.
Жас жігіттің жағдайы ауыр деп бағалануда. Денесінің 30%-дан астамы күйген. Зардап шеккен азамат Петропавл қалалық көпсалалы ауруханасына жеткізілген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript