Отандық жазушылар Атырауда бас қосты

Отандық жазушылар Атырауда бас қосты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2026 20:19 Сурет:
Атырауда Ұлттық кітап апталығы аясында оқырман назарын аударған тағылымды әдеби кездесу өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Кітап – достық амбассадоры" атты іс-шара рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталып, кітаптың қоғамды біріктіруші күш ретіндегі рөлін айқындады.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Келелі жиын барысында отандық қаламгерлер қазіргі кітап нарығы, оқу мәдениеті және әдебиеттің қоғамдағы рөлі туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, әсіресе жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Кездесуге қазақ әдебиетінің белгілі өкілдері қатысты. Олардың қатарында ақын, "Ана тілі" ұлттық басылымының бас редакторы Ерлан Жүніс, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай, прозашы, "Ағыраптағы аты жоқ адам" романының авторы Қанат Әбілқайыр, сондай-ақ жазушы-драматург, "Иесіз көлеңке" романының авторы Әлішер Рахат бар.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

"Ұлттық кітап күніне орай еліміздің барлық өңірлерінде ауқымды іс-шаралар өтуде. Осындай атаулы күнде мұнайлы астана – Атырауға арнайы келіп, оқырман қауыммен жүздесіп отырғанымызға ерекше қуаныштымыз", – деді жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Бейбіт Сарыбай.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдеби кездесу кітаптың тек ақпарат құралы ғана емес, қоғамды біріктіретін рухани көпір екені тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сурет: Атырау облысы әкімдігі

Осындай басқосулар арқылы әдебиетке деген қызығушылық артып, оқырман мен автор арасындағы байланыс жаңа деңгейге көтерілмек.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: