Елде неке саны қай қалада жоғары екені белгілі болды

РАГС (ЗАГС), регистрация брака, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2026 10:51 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда қай қалада тіркелетін неке саны көп екені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Неке қию саны бойынша көш басында – Алматы. "КТК" телеарнасының мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері мегаполисте 4600 жаңа отбасы құрылған. Статистикаға сүйенсек, Алматыда күн сайын шамамен 70 жұп некесін тіркейді. Орта есеппен әйелдер 29 жаста тұрмысқа шықса, ер адамдар 32 жаста үйленеді.

Сюжетте айтылғандай, биылғы ең егде күйеу жігіт – 92 жастағы зейнеткер, ал ең жас жұп небәрі 16 жасқа енді толған.

Соған қарамастан, қалада ажырасу көрсеткіші де аз емес. Жыл басынан бері 934 жұп ажырасқан. Әдетте ер адамдар ажырасуға 39 жас шамасында, ал әйелдер 37 жас шамасында шешім қабылдайды.

Бұған дейін Алматыда түнде сыра сатқан кәсіпкер жазаланғанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: