Шымкентте есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалардың авторы қылмыс үстінде ұсталды

Задержание, арест, наручники, задержанный, арестованный, преступник, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2026 20:52 Фото: pexels
Шымкентте полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында синтетикалық есірткі таратумен айналысқан жас жігітті қылмыс үстінде ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның мәліметінше, тексеру кезінде одан өткізуге дайындалған психотроптық зат салынған 40-қа жуық орама тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің қала аумағында есірткіні арнайы жасырын орындарға қалдырып, олардың координаттарымен мессенджер арқылы бөлісіп отырғаны анықталды.

"Сонымен қатар ұсталған азаматтың қаладағы ғимараттар мен қабырғаларға есірткі сататын интернет-ресурстарды жарнамалайтын граффити салумен де айналысқаны белгілі болды", – деп хабарлады полиция.

Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында есірткі жарнамасын анықтау және оны жоюға бағытталған "Stop-граффити" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Шара аясында оқу орындарының маңында орналасқан 400-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазба жойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: