Талғар ауданындағы су қоймасында екі оқушы суға батып кетті

Тонущий человек в воде, утопающий, тонуть, утонуть, потонуть, затонуть, утонувший, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2026 10:01 Фото: pixabay
Талғар ауданының Өстемір ауылы маңында орналасқан "Саз Талғар №2" су қоймасында екі оқушы суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға туралы хабарлама 8 мамыр, жұма күні 112 желісіне түскен.

Ата-анасының қарауынсыз қалған екі кәмелетке толмаған жасөспірім демалуға арналмаған аумақта су айдынының маңында жүрген. Абайсыз әрекет салдарынан олар суға құлап кеткен.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар екі жасөспірімнің денесін судан алып шықты.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпті аумақтарға бармауға үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: