Астанада 13 жастағы жасөспірім ата-анасымен ренжісіп, мешітте түнеп шыққан

Астанада 13 жастағы жасөспірім ата-анасымен ренжісіп, мешітте түнеп шыққан, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 21:47 Сурет: polisia.kz
9 мамыр күні полицияға кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны туралы арыз түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ата-анасының айтуынша, жасөспірім бір күн бұрын қосымша сабаққа кетіп, үйіне оралмаған. Кейін анықталғандай, ол ата-анасымен болған түсініспеушіліктерге байланысты өз еркімен үйден кетіп қалған.

Іздестіру жұмыстарына полиция департаментінің барлық жеке құрамы мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды, сондай-ақ еріктілер де қосылды.

Полицейлер білім беру және медициналық мекемелерді тексеріп, аулалар мен кіреберістерді, маңайдағы аумақтарды қарап шықты. Жасөспірімнің жүруі мүмкін бағыттар бойынша бейнебақылау камераларының жазбалары зерделенді.

Іздестіру барысында кәмелетке толмаған баланың автобуспен соңғы аялдамаға дейін барып, кейін тасжол бойымен жаяу жүргені анықталды.

Жасөспірім Ақжар ауылындағы мешітте түнеп шыққан. Полицейлер жергілікті тұрғындар мен жол бойындағы жүргізушілерден жауап алып, оның әрі қарай жүрген бағытын анықтады.

Нәтижесінде полицейлер жасөспірімді қала сыртындағы тасжол бойынан тауып, аман-есен ата-анасына тапсырды.

Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Отбасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: