Арзан әуе билеттерінің дәуірі аяқталуы мүмкін: авиакомпанияларды банкроттық толқын немесе бірігу күтіп тұр

Самолет, самолеты, аэропорт, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2026 16:53 Фото: unsplash
Әлемдік әуе тасымалы нарығы пандемиядан бергі ең үлкен дағдарыстың біріне тап болды. Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан авиакеросин бағасы күрт қымбаттап, сарапшылар азаматтық авиацияны ауыр дағдарыс күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе трафигі төмендеп барады

Экономист Руслан Сұлтанов Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) жаңа деректеріне сүйене отырып, наурыз айындағы көрсеткіштер соңғы екі жылдағы ең әлсіз өсімді көрсеткенін айтады. Әлемдік жолаушылар ағыны тек 2,1% ғана өскен. Ал бұған дейін бұл көрсеткіш 6,1% болған.

Ең қатты соққы Таяу Шығыс аймағына тиді. Бұл өңір бұрын Еуропа, Азия және Африканы байланыстыратын негізгі транзиттік орталық еді. Аймақтық әуе тасымалы 58,6% төмендеді, халықаралық рейстер 60,8% азайды.

Қақтығыс аймағындағы әуе кеңістігінің жабылуы авиакомпанияларды бағыттарын өзгертуге мәжбүр етті. Бұл жаһандық көрсеткіштерге бірден әсер етті.

  • Халықаралық рейстер 0,6% төмендеді,
  • Ал ішкі рейстер керісінше 6,5% өсті.

Сонымен қатар халықаралық бағыттарда бос орындар азайып, орташа толымдылық рекордтық деңгейге – 83,6% жетті. Жолаушылар ағыны басқа өңірлерге ауысып жатыр: Азия-Тынық мұхиты – 11,5% өсім, Еуропа – 7,5% өсім, Африка – 20,6% өсім. Қазір Азия әлемдік нарықтың ең ірі бөлігіне айналып отыр – оның үлесі 34,5%.

Арзан билеттер дәуірі аяқталуы мүмкін

Financial Times басылымы негізгі мәселе – авиакеросиннің қымбаттауы екенін айтады. Бұл лоукостер (арзан билет ұсынатын) модельге үлкен қауіп төндіріп отыр. Соғыс салдарынан мыңдаған рейстер тоқтатылған. Компаниялардың шығыны өсіп, тарифтер қымбаттап жатыр. Сарапшылар авиацияда жаппай бірігу, банкроттық және компаниялардың жабылуы мүмкін екенін болжап отыр.

"Ешбір авиакомпания арзан болғысы келмейді – бәрі пайда тапқысы келеді" Aviation Advocacy басшысы Эндрю Чарлтон:

Оның айтуынша, ірі премиум авиакомпаниялар қысқа бағыттарды қысқартуы мүмкін, бұл бәсекені азайтып, лоукостерлердің бағаны көтеруіне жол ашады.

АҚШ-та алғашқы құрбан – Spirit Airlines әуе компаниясы (банкрот болған). Ал келесі қауіп аймағында JetBlue және Frontier компаниялары бар.

Қазақстандағы жағдай

Қазақстанның авиация нарығына бұл жаһандық дағдарыс әзірге қатты әсер еткен жоқ. Ішкі және негізгі халықаралық бағыттардағы баға тұрақты.

20 мамырдағы билеттер бағасы:

  • Алматы – Астана: 22 000 ₸
  • Алматы – Петропавл: 38 000 ₸
  • Алматы – Ташкент: 38 000 ₸
  • Алматы – Мәскеу: 82 000 ₸
  • Алматы – Анталия: 113 000 ₸
  • Алматы – Дубай: 110 000 ₸
  • Астана – Милан: 114 000 ₸
  • Астана – Стамбул: 79 000 ₸
  • Астана – Пекин: 119 000 ₸

Яғни, Қазақстанда әзірге жағдай тұрақты, билет бағалары қолжетімді деңгейде сақталып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: