Алматы тауларында үш күн байланысқа шықпаған турист құтқарылды

Медео, Медеу, высокогорное урочище, горы, высокогорный спортивный комплекс, туризм в Казахстане, туристы, туристические места в Казахстане, природа Казахстана, развитие туризма в Казахстане, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2026 21:30 Фото: pexels
Алматы тауларында үш күн байланысқа шықпай қойған туристі құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 20 мамыр күні турист Шымбұлақ жақтан тауға шығып, екі күннен кейін оралуға тиіс болған. Белгіленген уақытта байланысқа шықпаған әрі телефоны қолжетімсіз болған соң, жақындары дабыл қақты.

Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағы мен Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары шұғыл аттанды. Құтқарушылар 3 200 метр биіктікке көтеріліп, Шымбұлақ шыңы бағытына қарай беткейлерді жаяу тексерді.

Бағытты тексеру барысында жоғалған ер адам табылды. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оны "Медеу" биік таулы мұз айдынына дейін қауіпсіз түсіріп, жақындарына табысталды.

ТЖМ тауға шығарда жақындарыңызға нақты бағытыңыз бен жорық уақытыңызды міндетті түрде хабарлауды ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: