Жаңалықтар тізбегі
0

Тұрым Алагөзов Уханда тұратын қызы жайлы: Қазір олар үйінде отыр...

Instagram, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.01.2020 21:51 Instagram
Оның күйеуі және екі баласы бар.

Қазақстан композиторы әрі дирижер Тұрым Алагөзов (продюсер Баян Алагөзованың қайын атасы) желіде коронавирустың жаңа түрі шыққан Қытайдың Ухань қаласында қызы мен күйеубаласы қалып кеткенін жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Індет ошағы – Уханда Тұрым Алагөзовтың асырап алған қызы отбасымен бірге тұрады екен. Оның күйеуі және екі баласы бар.

- Уханда менің қызым Тоня күйеуі және ұлдарымен бірге тұрып, жұмыс істеп жатқанына, міне 12 жыл. Өзге балаларым да, өзім де олармен үнемі байланысқа шығып, хабарласып тұрамыз. Қазір олар үйінде отыр, көптеп тамақ алып алған. Аса бір қажеттілік болмаса көшеге шықпайды. Қатты уайымға салынбаған, күнде жаттығу жасайды, барлық санитарлық талаптарды орындайды. Құдай сақтасын оларды! Олар үшін бізбен бірге дұға етіңіздер !!! Мен сіздерді жақсы көремін, - деп жазды Алагөзов өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Соңғы мәліметтер бойынша, Тайланд, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, АҚШ, Канада және басқа да елдерді қосып алғанда, бүкіл әлемде коронавирусты жұқтырудың 4474 жағдайы тіркелген, Жалпы, инфекциядан 106 адам қайтыс болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: