Сүйінші! Лондонда қазақ әйелі "ең үздік режиссер" атағын жеңіп алды
instagram.com
Жерлесіміз мұндай жоғары бағаға "Мәриям" фильмінің арқасында ие болды.
Лондонда өткен Rainbow Film Festival ХХІІ халықаралық кинофестивалінде қазақстандық Шарипа Оразбаева ең үздік әйел режиссер деп танылды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жерлесіміз мұндай жоғары бағаға "Мәриям" фильмінің арқасында ие болды.
Фильмде шалғай ауылдағы көпбалалы Мәриям есімді әйелдің күйбең тіршілігі мен қалт-құлт өмірі баяндалады. Оның күйеуі нәпақа табу үшін қалаға кетіп, сол күйі оралмайды, ол төрт баласымен бірге шалғайдағы ауылда қыстап шығып, өмірдің қатал сынына жалғыз өзі төтеп беруге мәжбүр.
"Мына жақта мен үшін күтпеген жаңалық болды. Сөйтсем Лондон кинофестивалінде "Үздік әйел режиссер" жүлдесін жеңіп алыппын", - деп таң-тамаша болып жазды Шарипа Оразбаева Instagram-дағы парақшасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript