Әлгі Қысықов тағы келді – Алматыдағы театрда шу шықты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2021 18:14 видеодан кадр
Хор әртістері хормейстерге шағым түсірді.

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне Абай атындағы опера және балет театрының бір топ хор әртістері театр ішіндегі есеп-қисап жұмыстарын тексеруді сұрап, хат жолдаған, деп хабарлайды zakon.kz.

Министрліктің нұсқауымен басталған тексеру барысында хормейстер Қысықовтың бес жыл бойы жартылай ставкамен хор әртісі мамандығы бойынша заңсыз еңбекақы алып келгені әшкереленген. Жалпы, осы заңсыз әрекеттің салдарынан театрға 2 млн 500 мың теңге зиян келтірілді деген шешім шыққан болатын. Бірақ хормейстер Қысықовқа қатысты ешқандай шара қолданылмады, ол бар болғаны өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті.

Сондай заң бұзушылық жасап кеткеніне қарамастан, 2 жыл өткен соң Қысықов жұмысқа қайтадан қабылданыпты.

Осындай заңсыз іс-әрекеттерді заң орындары тексеріп, әділетті шешім шығарылуын талап етеміз, дейді хор әртістері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: