"Бауырына салу" фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
"Бауырына салу" фильмінің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival (AWFF) фестивалінде "Үздік операторлық жұмыс" жүлдесін еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Асхат Кучинчирековтің "Бауырына салу" фильмі Қазақстан атынан ресми түрде "Шетел тіліндегі ең үздік фильм" номинациясында 2025 жылғы "Оскар" сыйлығына ұсынылды.
Айта кетейік, "Бауырына салу" фильмінің премьерасы өткен жылы Сан-Себастьян кинофестивалінде өтті.
Онда фильм сыншылар мен көрермендер тарапынан жоғары бағаланды. Фильм қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың тарихын баяндайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript