Отандық фильм Испаниядағы кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына өтті
Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген режиссер-дебютант Асхат Кучинчирековтың "Бауырына салу" фильмі Испаниядағы 71-інші Сан-Себастьян Халықаралық кинофестивалінің "Жаңа режиссерлер" байқау бағдарламасына енді.
"Бауырына салу" картинасы қазақтың байырғы дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесіндегі баланың өмірін баяндайды. Әжесі өмірден озғаннан кейін ол ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынас орнатуы керек. Фильмнің сценарийін жазған Асхат Кучинчирековтың айтуынша, бұл картина – қазақ халқының салт-дәстүріне деген құрмет.
"Бұл – өте жеке оқиға. Мен әжемнің қолында өстім. Бірақ ең бастысы – ата-анамен қарым-қатынас. Әжесімен бірге өскен балалардың бәрі ешқашан ата-анасын "әке", "ана" деп атамайды. Неліктен? Балалар тастап кеткеніне ренжиді. Фильмнің драмасы сол, ескі отбасынан айырылған кейіпкер әлі де жаңасын таба алады", - дейді режиссер.
"Баск елінің" бұл фестивалі "А" класындағы ең көне кинофестивальдердің бірі және Еуропадағы Канн, Берлин, Венециядан кейінгі төртінші маңызды және испан тілінде сөйлейтін әлемдегі ең маңызды фестиваль болып саналады. Фестиваль бүкіл әлем бойынша көрнекті таланттарды іздеумен және жыл сайын жаңа есімдерді ашумен танымал.