Димаш Құдайбереген Хайнань аралындағы Халықаралық кинофестивальде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2023 12:11 Сурет: dimashnews.com
16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестиваль ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Қытай теңізінің таңғажайып жағалауында Саньядағы Шангри-Ла курортында танымал кинорежиссерлер, актерлер мен музыканттар жиналды.

Димаш Құдайберген ашылу салтанатында итальялық режиссер Пьерджузеппе Зайидің Creators: The Past көркем фильмінің басты тақырыбы – Across Endless Dimensions композициясын орындады.

Сондай-ақ әйгілі қытайлық актриса және әнші Лоу Исяомен (Loura) бірге кинофестиваль сахнасында Қытайдағы ең танымал әндердің бірі – "Жасмин" орындалды.

Димаш алғаш рет 2018 жылы Хайнань аралындағы кинофестивальге қатысып, әлемге әйгілі My Heart Will Go On композициясын – "Титаник" кинофильмінің саундтрегін орындады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: