Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық фотограф Қаратау тауларындағы таңғажайып көріністі түсіру арқылы Қазақстанды жаңа қырынан ашты

Алматылық фотограф Қаратау тауларындағы таңғажайып көріністі түсіру арқылы Қазақстанды жаңа қырынан ашты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2024 09:36 Сурет: Instagram/dots_foto
13 мамырда танымал фотограф Дмитрий Доценко Қаратау тауларындағы қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдағының бірегей түрін түсіру үшін, арнайы Алматыдан Қаратау тауларының жоғарғы ағысындағы адам аяғы зорға жететін жерге барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол суреттерді Instagram-да бөлісті.

"Тау бөктеріндегі аңғарларда көкнәр гүлдеп жатқанда, 1100 м биіктіктегі Қаратау тауларында одан да әсерлі көрініс – қызыл кітапқа енген Грейг қызғалдақтарының гүлденуін көруге болады. Мен бұл жердің сұлулығына таң қалдым, жай ғана табиғаттың әсемдігіне қарап, тіпті суретке түсіруді ұмытып кете жаздадым. Бұл гүлдерге толы үлкен бақша! Талас Алатауының қарлы фонында, шексіз көк аспанмен үндескен қызғалдақтар-көптеген сюжеттер түсірілді", - деп жазды фотограф.

Ол бұл жер тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша бірегей орын екенін атап өтті, өйткені

"осындай үлкен гүлге толы аумақ, сирек кездесетін құбылыс болып табылады". "Грейг қызғалдағының өзі қызғалдақтардың патшасы болып саналады. Олардың кейбірі менің алақанымнан да үлкен. Бір қызығы, қызыл қызғалдақтардың арасында кейде қызыл-сары және толығымен сары нұсқалар бар. Жалпы, фотосуреттерді қараңыз, Қазақстан табиғатының сұлулығы әрқашан таң қалдырады", - деп түйіндеді Доценко.

Желі қолданушылары фотограф жұмысының нәтижелеріне таңданып қана қоймай, Қазақстанға жаңа көзқараспен қарады.

- Қазақстан-алманың ғана емес, қызғалдақтың да отаны. Көптеген адамдар Голландияны қызғалдақтардың отаны деп санайды, бірақ олар тек мәдени сорттарын өсіреді. Ал бізде жабайы қызғалдақтың бірнеше түрі бар және олар басқалардың бәрін тудырды!

- Біздің Қазақстан қандай әдемі! Сіз біз үшін еліміздің осындай әдемілігін ашып жатырсыз. Рахмет!

- Мен Қаратауда тұрамын және бізде мұндай сұлулық бар екенін білмеппін!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: