Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылық фотограф Хан Тәңірінің таңғажайып суреттерімен бөлісті

Алматылық фотограф Хан Тәңірінің таңғажайып суреттерімен бөлісті , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2024 09:36 Сурет: Instagram/dots_foto
Танымал фотограф Дмитрий Доценко жаңа туындылырын жариялады. Бұл жолы ол Хан Тәңірі шыңының таңғажайып көріністерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол суреттерді Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

"Осы әдемі таудың таңғажайып көріністерін түсіру бақыты бұйырды. Хан сүйікті мекендерімнің бірі, оның әртүрлі ракурсынан бірнеше мәрте сәтті кадрлар түсірген болатынмын. Бұл Қазақстанның ең биік тауыо – 7010 м және әлемдегі ең әдемі шыңдардың бірі! Аңызға айналған альпинист Анатолий Букреев Хан Тәңірі әлемдегі ең әдемі тау екенін айтты. Мұның бәрі оның биіктігі мен пирамидалық симметриясына байланысты", – деп жазды фотограф.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтар осы сұлулықпен мақтану керектігін атап өтті.

"Суреттерді түсіріп жатып, осындай сұлулықты өз елімізде көре алатынымызға қуандым. Ия, Хан Тәңірі көбінесе бұлттардың артында жасырылады.Дегенмен, бүгін осы таудың сәтті кадрын ұстап алдым. Сізге қай фотосурет ұнағанын таңдаңыз", - деп түйіндеді Доценко.

Фотографтың оқырмандары Тянь-Шаньның ерекше кадрларын жоғары бағалады:

  • Маған үшінші сурет ұнады, бір сиқырға толы…жұмбақ
  • Осындай өнеріңіз арқылы Қазақстанды әлемге танытып жатқаныңызға ризамын! Тамаша!
  • Өте керемет фотосуреттер!
  • Кадрлар сәтті шыққан, құдды бір бәрін арнайы ұйымдастырып қойғандай!
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: