Бірнеше хит әндердің орындаушысы Жандаурен Аблаевтың Латвияға кіруіне тыйым салынды

Бірнеше хит әндердің орындаушысы Жандаурен Аблаевтың Латвияға кіруіне тыйым салынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 12:25 Сурет: Instagram/jazzdauren
22 ақпанда қазақстандық әнші Жандаурен Аблаевқа Латвияға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны Латвияның Сыртқы істер министрі Байба Браже мәлімдеді. Оның айтуынша, Абылаев Латвияда "қалаусыз тұлға" болып табылады. Бұл туралы ол өзінің X парақшасында жазды. Артынша, оның мәлімдемесі Латвия Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасында расталды.

Jazzdauren лақап атымен өнер көрсететін "Дарите женщинам цветы" және "Песни на кассете" хит әндерінің орындаушысына Иммиграция туралы Заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға белгісіз мерзімге кіруге тыйым салынды.

9 наурызда әртіс Даугавпилсте концерт өткізуі керек еді. Әзірге әншінің Instagram парақшасында бұл туралы ешқандай түсініктеме болған жоқ.

Бұған дейін танымал американдық журналдың Димаш Құдайберген жайлы мақала жарияланғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: