Алматыда кейбір сауда орталықтарына ниқаб пен паранжа кигендерге кіруге тыйым салынды
Сурет: Zakon.kz
Алматыда кейбір сауда орталықтарына ниқаб пен паранжа кигендерге кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыдағы сауда орталықтарының кіреберісіне осындай сипатта арнайы хабарламалар да іліне бастағанын КТК телеарнасы хабарлайды.
"Алматыдағы сауда орталықтарында бет-әлпетін толық жауып тұратын киіммен кіруге тыйым салынған. Яғни, ниқаб, паранжа сияқты бет‑келбетіңді жасыратын киім киіп кіруге рұқсат берілмейді. Депутаттар мұндай шараның барлық көпшілік орындарына да енгізілуін қолдайды. Арнайы заң талабы ұзақ талқылаудан соң қабылданған", делінген телеарна ұсынған мәліметте.
Бұл шара соңғы жылдары қылмыстық істерде күдіктілердің бетін тұмшалап, жазадан жалтарып кету оқиғаларының алдын алуы үшін де енгізіліп отырған көрінеді.
"Өткен сессияда қоғамдық орындарда бетін толық жабуға тыйым салатын заң қабылданды. Бұл құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін енгізілген. Сауда орталығы – адам көп жиналатын орын. Сондықтан заңға қайшы емес. Кейін дау туғызғанша, алдын ала ескерткен дұрыс".Марат Қожаев, Сенат депутаты
Айта кетсек, қоғамдық орындарда бетті жауып тұратын киім киюге тыйым салуды енгізуді көздейтін заңға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 30 маусымында қол қойды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript