Төреғали Төрәлінің әулеті жақында тағы бір жанмен толықпақ

Төреғали Төрәлінің әулеті жақында тағы бір жанмен толықпақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 15:45 Сурет: Instagram/tattti_kyz
Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төрәлінің кенже қарындасы желі арқылы жанкүйерлерін сүйіншіледі. Белгілі болғандай, Дина Төрәлі үшінші мәрте ана атанбақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұбайымен бірге желіге жүктеген бейнесінде Динаның жүкті екенін аңғаруға болады. Бейнеге келесідей шағын жазба да қалдырған.

"Алланың ең әдемі сыйы – жүрегімнің астында тағы бір жүрек соғып тұрғаны. Бақыт үш есе артты. Шүкір!".

Бұл жаңалық жанкүйерлерді таңдандырмай қоймады, дегенмен олар жүрекжарды тілектерін қалдырып жатты.

Айта кетейік, Дина Төрәлі тұңғышын 2023 жылдың желтоқсан айында дүниеге әкелсе, 2024 жылдың қысында екінші мәрте ана атанды.

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші мәрте ана атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: