Аида Балаева "Үстірт" нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Аида Балаева, Үстірт, Париж, ЮНЕСКО , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 20:04 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
24 қыркүйекте Париж қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Аида Балаева ұйым басшысы орынбасарына "Үстірт" аралас мұра объектісінің номинациялық құжаттамасын табыстады. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан Дүниежүзілік мұра орталығына алдын ала бағалау үшін және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында тапсырылды.

"Номинациялық құжаттама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дайындалды. Мемлекет басшысы еліміздің бірегей тарихи-мәдени және табиғи нысандарын халықаралық деңгейде насихаттау қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Айрықша атап өтерлігі, аралас мұра объектісі посткеңестік елдер тарихында алғаш рет ұсынылып отыр. Үстірт – археологиялық ескерткіштер, дәстүрлі аңшылық тұзақтар-араны және табиғи тұтастықта үйлескен қайталанбас мәдени әрі табиғи ландшафт", делінген ведомство хабарламасында.

ЮНЕСКО, Париж, Аида Балаева, Үстірт, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 20:04

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттоне Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтағы белсенді ұстанымына ризашылығын білдіріп, ұсынылған бастаманың аса маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: