"Димашқа ма, әлде "Қайратқа" ма?": Қазақстандықтар Джеки Чанның Алматыға келу себебін болжауда
Сурет: Instagram/jackiechan
2025 жылғы 25 қыркүйекте Nomad Wrestling ұйымының басшысы Джеки Чанды Алматы әуежайында қарсы алғанын нақтылады.
"Әлемдік кино аңызы! Оның фильмдері бізді тек қана көңіл көтеріп қана қоймай, қозғалысқа, жаттығуға және бәрі мүмкін екеніне сенуге шабыттандырды. Оның үлгісімен көптеген адамдар алғаш рет спорт жолына түсті. Бізге керемет фильмдер дәуірін сыйлап, әлі күнге дейін миллиондаған адамдарға күш-қуат пен мотивация беріп жүргеніңіз үшін алғыс айтамыз",- деп жазды Қиқымов.
Сондай-ақ, жазба соңында ол Қазақстандағы ең ірі медиакомпаниялардың бірі Salem Entertainment-ке алғыс айтып, олардың тарихты жазып жатқанын атап өтті.
Дегенмен, Джеки Чанның Алматыға келуінің нақты себебі әзірге белгісіз. Кинокритиктер жақын арада бұл құпия ашылатынын айтып отыр.
Ал, желі қолданушылары әзірге тек актермен түскен кадрларды бөлісіп, ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.
Кейбір желі қолданушылары Джеки Чанның сапары "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матчқа байланысты болуы мүмкін десе, енді бірі Димаш Құдайбергеннің жобасына қатысы бар деп болжауда.
Бұған дейін Say Mo мен Нұрболат Абдуллиннің дуэты желіде шуға айналғанын жазғанбыз.