Жаңалықтар тізбегі
0

ДДҰ коронавирус жағдайының болуы мүмкін үш сценарийін атады

Коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2022 09:58 Сурет: Zakon.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вакцинацияны COVID-19-ға қарсы тиімді тәсіл ретінде ұсынып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Себебі вирус таралуы әлі де ұзақ созылуы мүмкін. Дегенмен адам вирустан қорғануы үшін қанша күшейткіш доза қажет болуы мүмкін екені туралы нақты деректер әлі жоқ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық пандемияның қаупіне дайындық жөніндегі директоры Сильви Бранд мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

«Омикрон» «ұзақ ковидке» себеп бола ма, болмай ма, білмейміз. Әрине, олай болмайды деп үміттенеміз. Себебі біз басқа штамдармен салыстырғанда ауыр асқынуларды байқамадық. Вирус адамдарға көбірек бейімделді деп үміттенеміз. Нақты кесіп айту да қиын. Сондықтан да COVID-19-ға қарсы вакцинацияны ұсына береміз. Өйткені ол «ұзақ ковид» әсерін азайтуға әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар вакцина «Омикронға» қарсы да әсер етуі мүмкін екенін көрсететін зерттеулер бар.Сильви Бранд

Сильви Брандтің сөзінше, ДДҰ адамды вирустан толық қорғау үшін вакцинаның қанша дозасы қажет екенін білмейді. Бұл әлі де бақылауға уақыт керек екеніне байланысты.

Неғұрлым көп вакцина салсаңыз, соғұрлым бейтараптандыратын антиденелер көбейеді деген теориялық модель бар. Бірақ бұл адамның қорғанысын айтарлықтай арттыра ма, жоқ па, әлі талқыланып жатыр.Сильви Бранд

Оның сөзінше, пандемияның серпіні әлі бар және ол аяқталмады. Тіпті инфекцияның жаңа толқыны, жаңа штамдары пайда болуы мүмкін.

Осыған байланысты ДДҰ әлемдегі жағдайдың дамуының үш ықтимал сценарийін қарастырып жатыр:

  • Вирус өте жұқпалы болып қала береді. Бірақ аса қауіпті емес болуы мүмкін. Оны қосымша аурулары жоқ адамдар оңай еңсереді.

  • Әлемде Sars-CoV-2 және оның штамына қарсы тура тұмауға қарсы жасалғандай тиімді вакциналар әзірленеді.

  • Адамдарда вирустың жаңа штамдарына қарсы иммунитет төмен болса, дүниежүзі 2020 жылғы деңгейге қайта кезігеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: