Алматыда көше бойында екі жігіт тоналды
Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметі
Күдіктілердің бірі сол бойда қолға түскен.
Алматыда көшеде адам тонаумен айналысқан қаскөй ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыс Алматының Түркісіб ауданында орын алған. Екі дос жігіт Сейфуллин даңғылының бойында серуендеп жүрген. Кенет, оларға белгісіз екі ер адам келіп, жақын маңайдағы үй аулаларына ертіп әкеткен.
- Екі жігіт жапа шегеміз деп мүлде ойламаған. Олардың айтуынша, әлгілер өздерін біреулермен шатастырып тұр деп ойлаған көрінеді. Күдіктілер құрбандарынан жасы мен физикалық күші жағынан басым болған, олар екі жігітті қорқытып, ақша бопсалай бастапты. Жас жігіттер қаскөйлермен ерегеске бармай, 17 мың теңге мен Samsung маркалы ұялы телефонды ұстата салған. Артынша болған жайтты дереу полицияға хабарлапты, - деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының жол-патрульдік полициясы полкінің командирі полковник Манап Саттаров.
Ауданды тінту барысында күдіктілердің бірі қолға түскен: ер адамның келбеті жапа шеккен жақтың сипаттамасы бойынша дәл келген.
- Жігіттер өздеріне зиян тигізген адамды бірден таныды. Ұсталған адамды тексеру кезінде ұялы телефон табылды. Бұған дейін автокөлік ұрлығы үшін сотты болған 32 жастағы күдікті жасаған қылмысын мойындады. Болған жайтты толыққанды анықтау үшін және қарақшылық дерегі бойынша сот алды тергеу жүргізу мақсатында екі жақтың да адамдары Түрксіб аудандық ПБ жеткізілді, - деді полковник Саттаров.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript