Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда наразылық акциясынан соң 200 жуық адам аймақтарға көшірілді

видео кадрларынан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2019 18:07 видео кадрларынан алынды
ІІМ басшылығының айтуынша, мұндай шаралар уақытша ұстау изоляторларында тығыздық тудырмас үшін қолданылған.

Қазақстанда наразылық акциясынан соң 200 жуық адам аймақтарға көшірілген. Бұл туралы үкіметте ҚР ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев хабарлады, деп жазады Zakon.kz тілшісі.

- Олар жазаларын қауіпсіз жағдайда өткізу үшін шығарылды. 200 жуық адам Ақмола және Қарағанды облыстарына көшірілді. Мұның барлығы 9 маусым күні жүргізілген шаралар. Астанада адамдардың тығыздығын тудырмас үшін қажетті орындар жетерлік, дегенмен, олардың жазалардын қй жерде өтейтіндерін өзіміз белгілейміз, - деді Қожаев.

Оның сөзінше, жалпы алғанда, 9-10 маусым күндері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының көшелерінде орын алған қоғамдық акцияларға қарсы жүргізілген шаралар барысында мемлекет басшылығы және министрліктің талабы бойынша ішкі істер қызметінің жеке құрамы өздерін әдепті әрі сабырлы ұстаған.

- Жеке құрам осы акция қатысушыларының тарапынан болған барлық арандатушылыққа төтетеп бере алды. 9 маусым күні болған митингтер барысында ешкім зардап шеккен жоқ. Қатысушылар тарапын айтып отырмын. Наразылық акцияларын басу үшін қандайда бір арнайы заттар қолданылмады. Біз жеке құраммен жоспарланған акциялар аумағынан итеріп шығару тәсілін ғана қолдандық, - деді Қожаев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: