Түнде Алматы облысында жас келіншек дүкеннен тамақ пен темекі ұрлады
klike.net
Полиция ұстап үлгергенше ұрланған азық-түліктің аз бөлігі ғана қалған.
Алматы облысында түнде азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен әйел ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Терезенің торын бұзып, дүкенге кірген ол жарма, сүт өнімдері, темекі және т.б. тауарларлары бар азық-түлік себетін ұрлап кеткен. Кассадағы елу мың теңге ақшалай түсімді де қолды қылыпты.
Таңертең дүкеніне келген иесі ұрлық болғанын байқап, Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне арызданған.
Оқиға орнына жеткен жедел топ күдіктінің дүкенге терезе торын бұзып кіргенін анықтады. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен дүкенге көршілес тұратын 32 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ұрланған азық-түліктің бір бөлігі алынып, айғақ зат ретінде тіркелді.
Сондай-ақ, әйелге торды бұзуға көмектескен құрал да тәркіленді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript